Әлеумет Қазақстандық бітімгерлерге халықаралық гуманитарлық құқық бойынша семинар өткізілді Редактор 18.06.2022 16067 1 оқу мин Қарулы күштердің минадан тазарту орталығында инженерлік-саперлік қызметке маманданған бітімгерлік бөлімшелердің әскери қызметшілеріне халықаралық гуманитарлық құқық бойынша семинар өткізілді. Сабақтар Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік әлеуетін нығайтуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Халықаралық құқықтық зерттеулер әскери институтының мамандары курс тыңдаушыларын бейбіт халықты қорғау жөніндегі БҰҰ тұжырымдамасымен, бітімгерлік операциялар барысында БҰҰ-ның әскери және әскери емес компоненттерінің рөлімен, міндеттерімен таныстырды. Шетелдік нұсқаушылар бітімгерлік операциялардағы БҰҰ-ның негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен құзыреттерін зерделеу бойынша сабақтар өткізді. Жекелеген блоктар халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, гендерлік аспектілерді зерттеуге, шартты сценарий негізінде практикалық сабақтарды ұйымдастыруға арналды. Семинар соңында минадан тазарту орталығының бағдарламаны табысты меңгерген мамандарына тиісті сертификаттар табысталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911