Әлеумет Қазақстандық бітімгерлерге халықаралық гуманитарлық құқық бойынша семинар өткізілді Редактор 18.06.2022 16719 1 оқу мин Қарулы күштердің минадан тазарту орталығында инженерлік-саперлік қызметке маманданған бітімгерлік бөлімшелердің әскери қызметшілеріне халықаралық гуманитарлық құқық бойынша семинар өткізілді. Сабақтар Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік әлеуетін нығайтуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Халықаралық құқықтық зерттеулер әскери институтының мамандары курс тыңдаушыларын бейбіт халықты қорғау жөніндегі БҰҰ тұжырымдамасымен, бітімгерлік операциялар барысында БҰҰ-ның әскери және әскери емес компоненттерінің рөлімен, міндеттерімен таныстырды. Шетелдік нұсқаушылар бітімгерлік операциялардағы БҰҰ-ның негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен құзыреттерін зерделеу бойынша сабақтар өткізді. Жекелеген блоктар халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, гендерлік аспектілерді зерттеуге, шартты сценарий негізінде практикалық сабақтарды ұйымдастыруға арналды. Семинар соңында минадан тазарту орталығының бағдарламаны табысты меңгерген мамандарына тиісті сертификаттар табысталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961