Әлеумет Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды Редактор 18.06.2022 15433 1 оқу мин Көлік жүргізішулерінің кейбірі немқұрайдылығының салдарынан салық төлеуді міндетті деп санамайтындығы өкінішті. Соңынан екі еселеп төлеуге мәжбүр болатындығын білсе де қол сілтеп жүре береді. Ал іс-шара барысында қолға түсіп қалса ғана «есі кіреді». Түркістан облысының полицейлері 13-17 маусым күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шараның мақсаты – мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шара кезінде Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция қызметкерлері алғашқы тәулікте 2 құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабы «Құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тіркеп, көлікті айып тұраққа қойды. 25 көлік жүргізушіге айыппұл төлеу керектігі ескертілді. Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға егер де әкімшілік құқықбұзушылық жасап, хаттама толтырған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесеңіз 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. Және де айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарып, 100% төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911