Әлеумет Жас келіншек екі бірдей тұрғынның атынан несие рәсімдеген Редактор 18.06.2022 8657 1 оқу мин Өзгелерді өз құлы үшін алдап, арбап кететін алаяқтардың қарасы көбейіп тұр бүгінде. Ол үшін қатаң жаза бар екенін ескергісі келмейтіні өкінішті. Өзгенің атынан несие рәсімдеп алып, ұстатпай кетемін деп романтикалық қиялға берілетін қиялилар расында көп. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Екеуі де алаяқтың құрығына түскен. Жәбірленушілер өздерінің танысы жеке басын растайтын мәліметтерді пайдаланып, шағын несие беру ұйымдарының бірінен несие рәсімдеген. Олардың біріншісінен 40 000 теңге, екінші жәбірленушінің атынан 240 000 теңге несие алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Сақшылар жас әйелді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды бермеу керектігін кез-келген азамат білуге тиісті. Алайда алданып, алаяқтың жемтігіне айналып жатқандар аз емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 8341 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 9982 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 10171