Әлеумет Күдіктінің жеке басы, тұрғылықты мекенжайы анықталды Редактор 18.06.2022 12551 1 оқу мин Денінде дерті болмаса да мүгедек атанып, мемлекеттің ақшасын алып отырсам деп армандайтындар да жоқ емес. Осыны пайдалануды жөн көрген алаяқтар «арманшыл» жандарды мақсатына жеткізбекті құп көреді. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Орта жастағы әйелдің айтуынша, оны танысы мүгедектікке шығарып беремін деп алдап кеткен. Сеніміне әбден кірген алаяқ одан 100 000 теңге ақша алған. Осылайша мүгедек атанған соң ай сайын ақша санап отырасың деп сендірсе керек. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел іске кіріскен тәжірибелі тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Күдікті ретінде жұмыссыз жергілікті тұрғын анықталып ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікті әйел адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оңай олжа орға жығатынын жете түсінбейтін алаяқ енді заң алдында жауап беретін болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911