Әлеумет Күдіктінің жеке басы, тұрғылықты мекенжайы анықталды Редактор 18.06.2022 10396 1 оқу мин Денінде дерті болмаса да мүгедек атанып, мемлекеттің ақшасын алып отырсам деп армандайтындар да жоқ емес. Осыны пайдалануды жөн көрген алаяқтар «арманшыл» жандарды мақсатына жеткізбекті құп көреді. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Орта жастағы әйелдің айтуынша, оны танысы мүгедектікке шығарып беремін деп алдап кеткен. Сеніміне әбден кірген алаяқ одан 100 000 теңге ақша алған. Осылайша мүгедек атанған соң ай сайын ақша санап отырасың деп сендірсе керек. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел іске кіріскен тәжірибелі тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Күдікті ретінде жұмыссыз жергілікті тұрғын анықталып ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікті әйел адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оңай олжа орға жығатынын жете түсінбейтін алаяқ енді заң алдында жауап беретін болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5305