Әлеумет Мейрамханаға ұрлыққа түскен суыққолды ұсталды Редактор 21.06.2022 10467 1 оқу мин Бүгінде кез-келген кәсіпкер қол астында жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінен күдіктенсе болады. Өйткені ұрлықтың басым бөлігін барлығын алақандағыдай білетін сол жұмысшылар жасайды. Жуырда мейрамханадан қомақты ет ұрланды. Ұры алыстан келмепті. Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі мейрамханасының асханасында тұрған 70 келі ет өнімдерін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленуші ер адамға келген шығын көлемі 150 000 теңгені құрайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеуге алды. Арыз бойынша тәжірибелі тәртіп сақшылары суыққолдының ізіне түсті. Олар ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, басты айғақ беруші бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны жас жігіт анықталды. Оның бұрын сотты болғандығы анықталды. Темір тордың арғы жағы оған өмірлік сабақ бере алмапты. Белгілі болғандай күдікті ер адам сол мейрамханада жұмыс жасаған. Сезікті күзетшінің болмағандығын пайдаланып, сағат 04:00 шамасында ұрлыққа түскен. Ел шырт ұйқыда жатқанда қолға түспеймін деп дәмеленсе керек. Ол ұрлаған етті, танысының үйінде жасырған. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде етті тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотты болған азамат енді қатаң жазасын алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522