Әлеумет Мемлекеттік қызметшілерге дағдарыс кезеңіндегі коммуникация бойынша шеберлік сабағы өтті Редактор 22.06.2022 14720 1 оқу мин 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті. «Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда әр мемлекеттік қызметші өз саласы бойынша кез келген сұраққа сүрінбей жауап беріп, ашықтықтан қашпау керек. Бұл — мемлекеттік қызметті таңдаған кез келген маманның міндеті», деген Сәкен Амангелдіұлы мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, оның көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, дағдарыс жайында коммуникация жүйесін реттеу, сөз саптауына дейін жіктеп, түрлі оқиғаларға талдау жасады. Сондай-ақ дәріске қатысушыларға кез келген дағдарыс кезінде ресми ақпаратты шұғыл тарату, қоғамда тұрақтылықты сақтау алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізу жүйесі түсіндірілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911