Әлеумет Мемлекеттік қызметшілерге дағдарыс кезеңіндегі коммуникация бойынша шеберлік сабағы өтті Редактор 22.06.2022 2317 1 оқу мин 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті. «Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда әр мемлекеттік қызметші өз саласы бойынша кез келген сұраққа сүрінбей жауап беріп, ашықтықтан қашпау керек. Бұл — мемлекеттік қызметті таңдаған кез келген маманның міндеті», деген Сәкен Амангелдіұлы мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, оның көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, дағдарыс жайында коммуникация жүйесін реттеу, сөз саптауына дейін жіктеп, түрлі оқиғаларға талдау жасады. Сондай-ақ дәріске қатысушыларға кез келген дағдарыс кезінде ресми ақпаратты шұғыл тарату, қоғамда тұрақтылықты сақтау алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізу жүйесі түсіндірілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ОТЫРАРЛЫҚТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ 1 оқу мин Әлеумет ОТЫРАРЛЫҚТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ 04.05.2024 140 САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР 101 ЖАСҚА КЕЛГЕН СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР 101 ЖАСҚА КЕЛГЕН СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ 04.05.2024 444 КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 1 оқу мин Әлеумет КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 03.05.2024 1030