Әлеумет Өзгенің атынан несие рәсімдеп алған… Редактор 01.07.2022 11747 1 оқу мин Соңғы әлетте алаяқтық қылмысы өршіп барады. Жасы да, жасамысы да ашкөздікпен өзгенің дүниесін жымқырып кетпекті, не болмаса алдап алмақты кәсіп қылып алған. Дегенмен «көп асқанға бір тосқан» болатынын ұмытып кете беретіндері өкінішті. Алаяқтықтың адымы қысқа екенін тәртіп сақшыларының нәтижелі жұмысынан көруге болады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызын айта келіпті. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге рәсімдеген, оын да азсынса керек, шағын несие беру ұйымынан тағы да 79 000 теңге несие алған. Көршісінен түк те күдіктенбеген әйел айлар өткенде «қарызыңыз көбейіп кетті» деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық гүлдеп тұрған шақта «қоңырау шалып алайын» десе де ұялы телефонды тіпті танысыңызға да ұстатпау қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911