Әлеумет «Өнертапқыш» құрықталды… Редактор 02.07.2022 5865 1 оқу мин Құқық қорғаушылар жыл сайын «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп тұрады. Шара барысында көптеген заң бұзушылар қолға түсіп те жатыр. Биылғы шара да нәтижелі болғалы тұр. Шара басталысымен-ақ заңды айналып өтем дегендер құрыққа ілігіп жатыр. Жуырда «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Ізге түскен тәртіп сақшылары айналаны мұқият зерттеу барысында күдіктінің ауласынан 26 түп өсімдік тапты. Сырт көзден аулақ болсын деген күдікті ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерге де есірткі егіпті. Ол жерден 4 түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркіленіп алынды. Дәлел ретінде алынған зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижесінде оның сора есірткісі екені нақтыланды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әрине есірткіге есі ауғандар заңды айналып өтпек болып, түрлі өнертапқыштықтарын іске қосып, үйдің төбесіне, ағаштардың қоршауына есірткі егіп жатады. Алайда заңға қайшы дүние әрдайым белгілі болатыны анық. Әрі оған лайықта жаза да бар екендігін естен шығармаған ләзім. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 12288 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 13926 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 16542