Әлеумет «Өнертапқыш» құрықталды… Редактор 02.07.2022 10688 1 оқу мин Құқық қорғаушылар жыл сайын «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп тұрады. Шара барысында көптеген заң бұзушылар қолға түсіп те жатыр. Биылғы шара да нәтижелі болғалы тұр. Шара басталысымен-ақ заңды айналып өтем дегендер құрыққа ілігіп жатыр. Жуырда «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Ізге түскен тәртіп сақшылары айналаны мұқият зерттеу барысында күдіктінің ауласынан 26 түп өсімдік тапты. Сырт көзден аулақ болсын деген күдікті ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерге де есірткі егіпті. Ол жерден 4 түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркіленіп алынды. Дәлел ретінде алынған зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижесінде оның сора есірткісі екені нақтыланды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әрине есірткіге есі ауғандар заңды айналып өтпек болып, түрлі өнертапқыштықтарын іске қосып, үйдің төбесіне, ағаштардың қоршауына есірткі егіп жатады. Алайда заңға қайшы дүние әрдайым белгілі болатыны анық. Әрі оған лайықта жаза да бар екендігін естен шығармаған ләзім. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911