Әлеумет Бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар берілді Редактор 02.07.2022 8599 1 оқу мин Еліміздің әрбір азаматы кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек алуға құқылы. Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарға беріледі. Аталмыш көмек дені дерттенген әрбір азаматқа тиесілі, шарапатын көріп жатқандар да көп. Дегенмен де аталмыш саладағы кем-кетік құқық қорғаушылар тарапынан назарынан тыс қалған жоқ. Күні кеше Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алиханов өткізген алқа мәжілісінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктер тілге тиек болды. Денсаулық саласындағы жүйелі заңсыздықтарға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау орнатпағанын сынға алды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру облысымызда оң нәтиже беріп жатыр. Дегенмен өздерін өздері жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар арнайы жарналар төлемеген жағдайда, оларға стационарлық ем қабылдау барысында қиындық туғызуда. Сондықтан, уәкілетті органдар басшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп, азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекті алуына қол жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін алды. Түрлі үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс-тін. Прокуратураның тексеруімен азаматтардың медицина қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне қатысты жазған арыз-шағымдары тиісті түрде қаралмайтыны анықталып, ол туралы құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Сонымен бірге, азаматтардың ем алу тәртібі мен сапасын сақтау және Covid-19 індетіне қарсы дайындық іс-шаралары мен емдеу сатысындағы кейбір кемшіліктер ескерусіз қалмады. Алдағы уақытта аталған кемшіліктер облыс прокурорының нақты назарына алынатындығы айтылды. Алқа мәжілісінің қорытындысымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар берілді. Аталған тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді. Алдағы уақытта дәл осы кем-кетіктің жойылғаны ұдайы тексеріліп тұратын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 1806 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39315 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37344