Әлеумет Бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар берілді Редактор 02.07.2022 12270 1 оқу мин Еліміздің әрбір азаматы кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек алуға құқылы. Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарға беріледі. Аталмыш көмек дені дерттенген әрбір азаматқа тиесілі, шарапатын көріп жатқандар да көп. Дегенмен де аталмыш саладағы кем-кетік құқық қорғаушылар тарапынан назарынан тыс қалған жоқ. Күні кеше Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алиханов өткізген алқа мәжілісінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктер тілге тиек болды. Денсаулық саласындағы жүйелі заңсыздықтарға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау орнатпағанын сынға алды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру облысымызда оң нәтиже беріп жатыр. Дегенмен өздерін өздері жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар арнайы жарналар төлемеген жағдайда, оларға стационарлық ем қабылдау барысында қиындық туғызуда. Сондықтан, уәкілетті органдар басшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп, азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекті алуына қол жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін алды. Түрлі үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс-тін. Прокуратураның тексеруімен азаматтардың медицина қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне қатысты жазған арыз-шағымдары тиісті түрде қаралмайтыны анықталып, ол туралы құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Сонымен бірге, азаматтардың ем алу тәртібі мен сапасын сақтау және Covid-19 індетіне қарсы дайындық іс-шаралары мен емдеу сатысындағы кейбір кемшіліктер ескерусіз қалмады. Алдағы уақытта аталған кемшіліктер облыс прокурорының нақты назарына алынатындығы айтылды. Алқа мәжілісінің қорытындысымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар берілді. Аталған тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді. Алдағы уақытта дәл осы кем-кетіктің жойылғаны ұдайы тексеріліп тұратын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961