Әлеумет Еңбек дауы медиация тәртібімен аяқталды Редактор 02.07.2022 7226 1 оқу мин Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алуы өте құптарлық жайт.Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деп есептеуге болады. Бүгінде медиация тәртібі кеңінен қолданылуда. Нәтижесі де жаман емес. Түркістан облысы, Созақ аудандық сотында талап қоюшы О. жауапкер «ВГ» АҚ-на бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытына жалақы өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды. Сот отырысында, сот тараптарға медиацияның артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіріп, оларды бітімге келуге шақырды. Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді. Медиациялық келісім бойынша жауапкер талап қоюшыны бұрынғы жұмысына қайта орналастыруға және бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін еңбек ақы төлеп беруге міндеттенді. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте камерундық футболшы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте камерундық футболшы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды 20.07.2025 4805 Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 12240 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 14747