Әлеумет Еңбек дауы медиация тәртібімен аяқталды Редактор 02.07.2022 12913 1 оқу мин Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алуы өте құптарлық жайт.Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деп есептеуге болады. Бүгінде медиация тәртібі кеңінен қолданылуда. Нәтижесі де жаман емес. Түркістан облысы, Созақ аудандық сотында талап қоюшы О. жауапкер «ВГ» АҚ-на бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытына жалақы өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды. Сот отырысында, сот тараптарға медиацияның артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіріп, оларды бітімге келуге шақырды. Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді. Медиациялық келісім бойынша жауапкер талап қоюшыны бұрынғы жұмысына қайта орналастыруға және бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін еңбек ақы төлеп беруге міндеттенді. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961