Әлеумет Полиция қызметкерінің өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолдану фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 17.07.2022 13391 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы учаскелік полиция инспекторының өмiрi мен денсаулығына қауiпті күш қолданды деген айыппен қала тұрғыны 1986ж.т. М.Матеновке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында а.ж. сәуір айында Матенов өзінің жақын туысқандарының шақыртуымен оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген учаскелік полиция инспекторының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткені және кетпенмен соққы жасап қолын сындырып, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіргені анықталды. Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігімен (билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты оған қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті күш қолдану) саралаған. Аталған бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522