Әлеумет Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды Редактор 17.07.2022 12083 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасы кезінде шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады. Нақтырақ айтсақ, «Қапланбек» шекара бекетінен Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына шетелдік жас жігіт өтер сәтте, «Малком» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатты. Полиция қызметкерлері ақпарат түсісімен оқиға орнына жетті. Шетелдікті тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан есірткі затына ұқсас зат табылып, нәтижесінде ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961