Әлеумет Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды Редактор 17.07.2022 11505 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасы кезінде шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады. Нақтырақ айтсақ, «Қапланбек» шекара бекетінен Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына шетелдік жас жігіт өтер сәтте, «Малком» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатты. Полиция қызметкерлері ақпарат түсісімен оқиға орнына жетті. Шетелдікті тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан есірткі затына ұқсас зат табылып, нәтижесінде ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911