Әлеумет Соғым саудасын қыздырамын деп сан соғып қалды Редактор 18.07.2022 8874 1 оқу мин Алаяқтық адам таңдамайтын болса керек. Бүгінде нәзікжандылар алаяқтық жасаудан ер азаматтардан да озып кетті. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Соғым саудасын қыздырамын деп сан соғып қалған. Оның айтуынша, танысы шаруа қожалығынан «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында ақшасын жинап беремін» — деп, сеніміне кіріп, 8 бас жылқы етін алып кеткен. Арада апталап айлар, жылжып жылдар өтеді. Уәдесін ұмытып, әне міне деп сиырқұйымшақтандырып жіберген соң амал жоқ құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Жәбірленушіге келген шығын 2 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Ол бұрын сотты болған орта жастағы әйел. Күдікті әйел еттерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Өзгенің ақшасын қайтару ойына да кіріп шықпаса керек. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 18060 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25635 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31354