Әлеумет Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 23588 1 оқу мин Бүгінде жүргізуші куәлігін заңды жолмен алуды ауырсынып, оңай жолмен ақшамен шешкісі келетіндердің қатары қалың. Емтихан тапсырып, «миды қатырмай» қажетті құжатқа қол жеткізгісі келеді. Мұндайды алаяқтар «ұтымды» пайдалануда. Тәртіп сақшылары соңғы әлетте жүргізуші куәлігін әперемін деп алдап соғатын алаяқтардың тым көбейіп кеткенін айтады. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған болатын. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кірген. Жәбірленуші қызмет ақысына деп 270 000 теңгені қолма қол санап берген. Қажетті құжатты оңай алатын болдым деген қуанышы ұзаққа созылмады. Не жүргізуші куәлігі жоқ, не ақшасы жоқ ақыр аяғында құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Арыз түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Оның оңай олжаға құнығып, өзгелерді де алдап соқпағаны әбден мүмкін. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9183 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992