Әлеумет Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды Редактор 19.07.2022 9195 1 оқу мин Бүгінде көлік ұрлығы да көбейіп тұр. Қараусыз, ашық қалдырылған көліктерді аңдып жүріп, айдап кететіндердің қарасы да аз емес. Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Оның айтуынш, түнгі уақытта үйінің қақпасы алдында тұрған «Ваз-2107» маркалы көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде жетісайлық полицейлер тәулік ішінде жәбірленушінің көлігінің тұрған жерін және күдіктінің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдаған ер адам ұсталды. Анықталғандай күдікті түнгі уақытта көшеде, кілттенбеген көлікті байқап, арам ойын іске асырып, айдап кеткен. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 2627 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39667 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37515