Әлеумет Ауылдастарының малын жымқырған күдікті ұсталды Редактор 20.07.2022 13526 1 оқу мин Мал ұрлығы өршіп тұрған шақта төрт түлік егелерінің бейқамдығы қынжылтады. Мал бағасы да қымбат, мал еті де қымбат. Ұрылар немқұрайлы мал егелерін сан соқтырып кетіп жатыр. Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық ПБ-ға үш бірдей жергілікті тұрғын арызданып үйіндегі ірі қара малдарын, яғни жылқы, сиырларын белгісіз біреулердің жымқырғандарын жеткізді. Арызда тұрғындарға 1 700 000 теңге шығын келтірілгені көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен отырарлық сақшылар, мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысты күдікті ұсталды.Әрине ұры алыстан келмейді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілердің ауласына түнгі уақытта кіріп, ұрлап алған малдарын өзінің басқаруындағы автокөлікке салып алып кеткен. Қолды қылған үй жануарларын мал базарға сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажетіне жаратқан. Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа мал ұрлығының тағы 2 жайтына қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайттарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. «Көп асқанға бір тосқан» деген осы. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қолға түсірмегенде әлі талай адам байлаулы баспағынан айырылар еді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992