Әлеумет Ауылдастарының малын жымқырған күдікті ұсталды Редактор 20.07.2022 14081 1 оқу мин Мал ұрлығы өршіп тұрған шақта төрт түлік егелерінің бейқамдығы қынжылтады. Мал бағасы да қымбат, мал еті де қымбат. Ұрылар немқұрайлы мал егелерін сан соқтырып кетіп жатыр. Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық ПБ-ға үш бірдей жергілікті тұрғын арызданып үйіндегі ірі қара малдарын, яғни жылқы, сиырларын белгісіз біреулердің жымқырғандарын жеткізді. Арызда тұрғындарға 1 700 000 теңге шығын келтірілгені көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен отырарлық сақшылар, мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысты күдікті ұсталды.Әрине ұры алыстан келмейді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілердің ауласына түнгі уақытта кіріп, ұрлап алған малдарын өзінің басқаруындағы автокөлікке салып алып кеткен. Қолды қылған үй жануарларын мал базарға сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажетіне жаратқан. Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа мал ұрлығының тағы 2 жайтына қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайттарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. «Көп асқанға бір тосқан» деген осы. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қолға түсірмегенде әлі талай адам байлаулы баспағынан айырылар еді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5738 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12150 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 12067