Әлеумет Қойшы құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген Редактор 20.07.2022 19044 1 оқу мин Бүгінде бейтаныс жандарды жұмысқа қабылдау да қауіпті болып барады. Асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысатын шаруа біраз малынан айырылып сан соғып қалды. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған, алайда, мал басын түгелдеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқағанын айтып арызданған. Осылайша жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде, аталмыш қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің қой бағып жүрген жұмысшысы ұсталды. Ол Арыс ауданының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, сезікті ер адам 2021 жылдан бері 230-дан астам ұсақ малды 4-5-еуден сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауға кірісті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992