Әлеумет Қойшы құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген Редактор 20.07.2022 18319 1 оқу мин Бүгінде бейтаныс жандарды жұмысқа қабылдау да қауіпті болып барады. Асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысатын шаруа біраз малынан айырылып сан соғып қалды. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған, алайда, мал басын түгелдеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқағанын айтып арызданған. Осылайша жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде, аталмыш қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің қой бағып жүрген жұмысшысы ұсталды. Ол Арыс ауданының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, сезікті ер адам 2021 жылдан бері 230-дан астам ұсақ малды 4-5-еуден сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауға кірісті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522