Әлеумет Түн жамылып төрт түлікті ұрлаған үшеу қамауға алынды Редактор 21.07.2022 10135 1 оқу мин Мал ұрлығының өршіп кетуінен ауылдағы ағайын төрт түлігін жайылымға шығаруға да қорқып қалды. Көзді ала бере суыққолдылар қақшып кетіп жүр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, жайылымда жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 550 000 теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер хабар түсісімен оқиға орнына жылдам жетті. Олар мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Қазығұрт ауданының 3 тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып шықты. Олар түнгі уақытта бақташының жоқтығын, малдың қараусыз қалғанын аңдып, ұтымды сәтті өз пайдаларына сәтті пайдалана білген. Барымташылар ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз бас пайдаларына жаратқан. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992