Әлеумет Медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту хаттамалық шешімге енгізілді Редактор 22.07.2022 12013 1 оқу мин Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алиханов өткен алқа мәжілісінде денсаулық саласындағы жүйелі заңсыздықтарға қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау орнатпағанын сынға алды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру облысымызда оң нәтиже беріп жатқанымен, өздерін өздері жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар арнайы жарналар төлемеген жағдайда, оларға стационарлық ем қабылдау барысында қиындық туғызуда. Сондықтан, уәкілетті органдар басшылары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп, азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекті алуына қол жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттерін алды. Прокуратураның тексеруімен азаматтардың медицина қызметкерлерінің әрекетсіздіктеріне қатысты жазған арыз-шағымдары тиісті түрде қаралмайтыны анықталып, ол туралы құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Сонымен бірге, азаматтардың ем алу тәртібі мен сапасын сақтау және «Covid-19» індетіне қарсы дайындық іс-шаралары мен емдеу сатысындағы кейбір кемшіліктер ескерусіз қалмады. Алқа мәжілісінің қорытындысымен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға қатысты бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1446 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282