Әлеумет Дүкен иесінің ақшасын ұрлап кеткен зейнеткер қолға түсті Редактор 23.07.2022 8983 1 оқу мин Өзінен кейінгілерге үлгі, өнеге көрсетіп, жол нұсқайтын қариялық жасқа жеткенде керісінше ұрлық жасап, теріс жолдан тиылмағанын танытатындарға не дерсің?! Күні кеше Түркістан қаласындағы сауда нүктелерінің бірінде 65 жастағы зейнеткер қария дүкен иесінің сөмкесінен 180 мың теңгесін ұрлап, табанын жалтыратқан. Осыған байланысты Түркістан қалалық полиция басқармасына ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арыз түсірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Абырой болғанда суыққолды ұрлық жасап жатқаны дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын түсіп қалған. Тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Түр тұлғасы анықталған ұры тез арада қолға түсті. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлерінің атқарған тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде күдікті зейнеткерді небары тәулік ішінде ұстады. Айғақты зат ретінде қолды болған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Тексеру барысында белгілі болғандай, 65 жастағы зейнеткер дүкенге мата алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны алып кеткен. Айналада адам болмағанымен бейнебақылау орнатылғанын байқамаса керек. Полиция қызметкерлері зейнеткердің бұрын сотты болғанын анықтады. Бүгінгі таңда егде жастағы әйел қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39071 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37190 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35947