Әлеумет Дүкен иесінің ақшасын ұрлап кеткен зейнеткер қолға түсті Редактор 23.07.2022 13104 1 оқу мин Өзінен кейінгілерге үлгі, өнеге көрсетіп, жол нұсқайтын қариялық жасқа жеткенде керісінше ұрлық жасап, теріс жолдан тиылмағанын танытатындарға не дерсің?! Күні кеше Түркістан қаласындағы сауда нүктелерінің бірінде 65 жастағы зейнеткер қария дүкен иесінің сөмкесінен 180 мың теңгесін ұрлап, табанын жалтыратқан. Осыған байланысты Түркістан қалалық полиция басқармасына ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арыз түсірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Абырой болғанда суыққолды ұрлық жасап жатқаны дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын түсіп қалған. Тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Түр тұлғасы анықталған ұры тез арада қолға түсті. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлерінің атқарған тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде күдікті зейнеткерді небары тәулік ішінде ұстады. Айғақты зат ретінде қолды болған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Тексеру барысында белгілі болғандай, 65 жастағы зейнеткер дүкенге мата алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны алып кеткен. Айналада адам болмағанымен бейнебақылау орнатылғанын байқамаса керек. Полиция қызметкерлері зейнеткердің бұрын сотты болғанын анықтады. Бүгінгі таңда егде жастағы әйел қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961