Әлеумет Полицейлер үйіне есірткі сақтаған ер адамды ұстады Редактор 23.07.2022 8880 1 оқу мин Түркістан облысында бүгінгі күні «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Аталмыш шара барысында есірткіге қатысты көптеген қылмыстар ашылуда. Тәртіп сақшылары осы бағытта қарқынды жұмыс атқаруда. Күні кеше Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғынның өз ауласына есірткі сақтағанын анықтады. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді. Кентаулық полицейлер хабар түскн бойда аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен пакетке оралған есірткі затына ұқсас затты айғақ ретінде тәркілеп, тиісті сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 50 грамм болатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Күдікті өз сөзінде есірткіні өзі қолдану мақсатында сақтағанын айтты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 18552 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25975 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 31834