Әлеумет Полицейлер үйіне есірткі сақтаған ер адамды ұстады Редактор 23.07.2022 11516 1 оқу мин Түркістан облысында бүгінгі күні «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Аталмыш шара барысында есірткіге қатысты көптеген қылмыстар ашылуда. Тәртіп сақшылары осы бағытта қарқынды жұмыс атқаруда. Күні кеше Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғынның өз ауласына есірткі сақтағанын анықтады. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді. Кентаулық полицейлер хабар түскн бойда аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен пакетке оралған есірткі затына ұқсас затты айғақ ретінде тәркілеп, тиісті сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 50 грамм болатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Күдікті өз сөзінде есірткіні өзі қолдану мақсатында сақтағанын айтты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10406 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9992