Әлеумет Авторлық сыйақыны бөлу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді Редактор 08.08.2022 9472 1 оқу мин Түркістан облыстық Әділет департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Түркістан облысының Сауда ойын-сауық орталығының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға авторлық және сабақтас құқықты қорғау ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, СОО және СО өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ұжымдық басқару, авторлық сыйақыны бөлу мәселелері талқыланды. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, автордың немесе өзге құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшері мен есептелу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгіленеді. Заңның 16-1 бабына сәйкес, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасқан кезде авторлық сыйақы мөлшерін ҚР Үкіметі белгілеген сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 6280 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 9859 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 6632