Әлеумет Авторлық сыйақыны бөлу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді Редактор 08.08.2022 16587 1 оқу мин Түркістан облыстық Әділет департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Түркістан облысының Сауда ойын-сауық орталығының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға авторлық және сабақтас құқықты қорғау ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, СОО және СО өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ұжымдық басқару, авторлық сыйақыны бөлу мәселелері талқыланды. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, автордың немесе өзге құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшері мен есептелу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгіленеді. Заңның 16-1 бабына сәйкес, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасқан кезде авторлық сыйақы мөлшерін ҚР Үкіметі белгілеген сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961