Әлеумет Тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған күдікті ұсталды Редактор 08.08.2022 12074 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған аудан көшелерінің бірінде белгісіз азамат шабуыл жасап, құны 150 мың теңге тұратын «Самсунг» ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді. Оқиға орнына Төлеби АПБ полицейлері шықты. Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел шаралардың нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті сол сәтте мас халде болған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 18899 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 26413 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32026