Әлеумет Тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған күдікті ұсталды Редактор 08.08.2022 15634 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған аудан көшелерінің бірінде белгісіз азамат шабуыл жасап, құны 150 мың теңге тұратын «Самсунг» ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді. Оқиға орнына Төлеби АПБ полицейлері шықты. Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел шаралардың нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті сол сәтте мас халде болған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018