Әлеумет Прокуратура оқымай-ақ диплом алған мұғалімдерді анықтап жатыр Редактор 10.09.2022 16982 1 оқу мин Түркістан облысында колледж бен мектеп мұғалімдері жалған дипломдармен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық білім басқармасының жұмысына тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар заңсыздықтың бетін ашты. Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, басқарма тарапынан оқушылар мен студенттерді мемлекеттік тапсырыс бойынша негізсіз қабылдаудың жеті дерегі анықталған. Тексеру барысында колледждерде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде де кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды. Яғни, тапсырысты орындау барысында еңбек нарығындағы қажетті мамандар дұрыс таңдалмаған. «Шетелге шығып кеткен білім алушыларға негізсіз қаржы аудару мен мұғалімдердің жалған диплом пайдалану арқылы жұмысқа орналасқан 35 фактісі анықталды. Бұл фактілер бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды»,- дейді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Дулат Әшірбеков. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6200 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592