Әлеумет Прокуратура оқымай-ақ диплом алған мұғалімдерді анықтап жатыр Редактор 10.09.2022 15535 1 оқу мин Түркістан облысында колледж бен мектеп мұғалімдері жалған дипломдармен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық білім басқармасының жұмысына тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар заңсыздықтың бетін ашты. Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, басқарма тарапынан оқушылар мен студенттерді мемлекеттік тапсырыс бойынша негізсіз қабылдаудың жеті дерегі анықталған. Тексеру барысында колледждерде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде де кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды. Яғни, тапсырысты орындау барысында еңбек нарығындағы қажетті мамандар дұрыс таңдалмаған. «Шетелге шығып кеткен білім алушыларға негізсіз қаржы аудару мен мұғалімдердің жалған диплом пайдалану арқылы жұмысқа орналасқан 35 фактісі анықталды. Бұл фактілер бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды»,- дейді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Дулат Әшірбеков. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10133 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 25825 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 11811