Әлеумет 200 мұғалімнің орны бос тұр Редактор 12.09.2022 8722 1 оқу мин Қарағанды облысында мұғалімдер жетіспейді. 200 орын бос қалып отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде физика, математика, химия және орыс тілі оқытушыларының жетіспеушілігі байқалады. Мұғалімдердің тапшылығына байланысты кейбір мектеп басшылары зейнеткерлермен келісімшартты ұзартуға мәжбүр. «Жыл басынан бері 728 оқытушы қажет болды. Бүгін біз 500-ге жуық мұғалімді жұмысқа қабылдадық. Кейбір мектептерде конкурс өткізіледі. Көптеген мұғалімдер басқа қалаға көшеді. Иә, кадр жетіспеушілігі проблемасы бар», — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова. Сонымен қатар, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының екі мектебі апатты жағдайда тұр. Оларды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы ғана басталатындықтан, оқушылар ескі ғимаратта тағы бір оқу жылын өткізуге мәжбүр болады. Ведомство басшысы облыс мектептерінің 80% кеңес өкіметі кезінде салынғанын және бүгінде тозғанын жасырмады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 750 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 39263 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 37239