Әлеумет ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ Редактор 12.10.2022 7281 1 оқу мин 25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен облыс орталығында волейболдан жастар арасында турнир ұйымдастырылды. Аталған сайыс Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен өтті. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында өткен жарысқа Түркістан облысына қарасты аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. «Бүгінде облысымызда жастарды спортқа баулу, оларға мүмкіндік беру жолында біршама жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде өткен спорттық сайысқа волейболдан өздерінің шеберліктерін көрсету үшін әр ауданнан жастар құрамалары келіп қатысты. Бұл шара елімізде ауқымды түрде аталып өтетін Республика күніне орай ұйымдастырылды», — дейді Келес аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай. Айта кетейік, турнир қорытындысында Созақ ауданының жастары бас жүлдеге ие болды. Ал, Жетісай жастары 2-орынды иемденсе, 3-орынды Мақтаарал ауданынан келген жастар құрамасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған жастарға қаржылай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 28151 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 26100 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 42797