Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ Редактор 08.03.2023 14595 1 оқу мин Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гендерлік тендікті сақтау, әйелдерді жұмыспен қамту және олардың денсаулығы мәселелері мен еліміздегі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары қаралды. ✅Шымкентте «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасы іске асырылуда. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған кешенді іс шаралар да өз нәтижесін беруде. Қалада ана өлімі көрсеткіші былтыр 15,6-ға дейін төмендеді. ????Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы қаладағы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр. ????Әйелдерді жұмыспен қамту шаралары да жұмыссыздық деңгейін төмендетуде. Жыл басынан бері мемлекет қолдауымен жұмыспен қамту шараларына 11 мыңнан астам адам қатысқан болса, жартысына жуығын қыз-келіншектер құрайды. ????Мегаполис мектептерінде қауіпсіздік шаралары да толық қамтылған. Заманауи талаптарға сай бейнебақылау жүйелері және дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім ғимараттарында мамандандырылған күзет жұмыс істейді. ????Қала мектептеріндегі сыртқы әжетхана түбегейлі жойылып, білім ұйымдарының аулалалары толығымен жарықтандырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961