Әлеумет Түркістан облысында 4000-нан астам көлік қазақстандық нөмір алды Редактор 11.03.2023 15825 1 оқу мин Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 10 101 тұрғынның өтініші келіп түсті. Соның арасында барлық талапқа сай келетін 4126 көлік заңдастырудан сәтті өтті. Оның ішінде 3809-ы Ресей Федерациясының көлігі болса, 285-і Арменияға тиесілі. Сондай-ақ Қырғызстаннан 17 көлік, Грузиядан 11 көлік, Оңтүстік Кореядан 3 көлік, Латвиядан әкелінген 1 көлік бар. Одан бөлек 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген 1117 көлік иесінің өтініші кері қайтарылды. Осы ретте облыс тұрғындарына аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізілетінін ескертеміз. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан акцияны тиімді пайдаланып, шетелдік көлігіңізді рәсімдеп алуыңызға болады. Тіркеу үшін көлік иесінен өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6286 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592