Әлеумет Түркістан облысында 4000-нан астам көлік қазақстандық нөмір алды Редактор 11.03.2023 16510 1 оқу мин Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 10 101 тұрғынның өтініші келіп түсті. Соның арасында барлық талапқа сай келетін 4126 көлік заңдастырудан сәтті өтті. Оның ішінде 3809-ы Ресей Федерациясының көлігі болса, 285-і Арменияға тиесілі. Сондай-ақ Қырғызстаннан 17 көлік, Грузиядан 11 көлік, Оңтүстік Кореядан 3 көлік, Латвиядан әкелінген 1 көлік бар. Одан бөлек 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген 1117 көлік иесінің өтініші кері қайтарылды. Осы ретте облыс тұрғындарына аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізілетінін ескертеміз. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан акцияны тиімді пайдаланып, шетелдік көлігіңізді рәсімдеп алуыңызға болады. Тіркеу үшін көлік иесінен өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018