Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУДАРЫСПАҚТАН ҚАРСЫЛАС ШЫДАТПАДЫ Редактор 13.03.2023 12526 Ақтөбеде аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ат үстіндегі балуандар 9 салмақ бойынша белдесті. Білекті де, жүректі жігіттердің додадасына елімізден іріктелген балуандар қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Түркістан облысының білекті жігіттері тағы да өздерінің мығым екендерін дәлелдеді. Түркістандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, абыройды аспандатты. Атап айтсақ, 57 келіде Ермек Құралбай, 68 келіде Алмат Ләтіпбек, 87 келіде Есімхан Рахматіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров және +100 келіде Біржан Қосалиев сынды Түркістан өрендері чемпион атанды. 80 келіде бақ сынаған Ғабит Ағабек күміс жүлдегер атанса, 94 келіде Түймебек Жұмалиев қола медальға ие болды. Жерлестеріміз ұлттық құрама сапында халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 20341 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 27120 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 32938