Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУДАРЫСПАҚТАН ҚАРСЫЛАС ШЫДАТПАДЫ Редактор 13.03.2023 16180 Ақтөбеде аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ат үстіндегі балуандар 9 салмақ бойынша белдесті. Білекті де, жүректі жігіттердің додадасына елімізден іріктелген балуандар қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Түркістан облысының білекті жігіттері тағы да өздерінің мығым екендерін дәлелдеді. Түркістандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, абыройды аспандатты. Атап айтсақ, 57 келіде Ермек Құралбай, 68 келіде Алмат Ләтіпбек, 87 келіде Есімхан Рахматіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров және +100 келіде Біржан Қосалиев сынды Түркістан өрендері чемпион атанды. 80 келіде бақ сынаған Ғабит Ағабек күміс жүлдегер атанса, 94 келіде Түймебек Жұмалиев қола медальға ие болды. Жерлестеріміз ұлттық құрама сапында халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018