Әлеумет МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДА 5 БЮЛЛЕТЕНЬ БЕРІЛЕДІ Редактор 13.03.2023 13512 1 оқу мин Екі бюллетень Мәжіліс депутаттарын, үшеуі мәслихат депутаттарын таңдауға арналған. Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан азаматтарына сайлау бюллетеньдерінің бес түрі ұсынылатын болады. Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға арналған бюллетеньдердің келесі түрлерін мақұлдады: — партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (көк түсті); — бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (жасыл түсті); — партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналардың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (күлгін түсті); — бір мандатты аумақтық сайлау округтері (қызғылт сары түсті)бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін; — сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттары (сұр түсті). Бұл ретте соңғы бюллетень Астана, Алматы және Шымкент сайлаушыларына арналмаған. Бұл республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары тек төрт бюллетень алады. Бұл сайлаудағы бюллетеньдер А5 форматында болады. Барлық бесеуін бір урнаға тастау керек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018