Әлеумет МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДА 5 БЮЛЛЕТЕНЬ БЕРІЛЕДІ Редактор 13.03.2023 2507 1 оқу мин Екі бюллетень Мәжіліс депутаттарын, үшеуі мәслихат депутаттарын таңдауға арналған. Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан азаматтарына сайлау бюллетеньдерінің бес түрі ұсынылатын болады. Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға арналған бюллетеньдердің келесі түрлерін мақұлдады: — партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (көк түсті); — бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (жасыл түсті); — партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналардың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (күлгін түсті); — бір мандатты аумақтық сайлау округтері (қызғылт сары түсті)бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін; — сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттары (сұр түсті). Бұл ретте соңғы бюллетень Астана, Алматы және Шымкент сайлаушыларына арналмаған. Бұл республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары тек төрт бюллетень алады. Бұл сайлаудағы бюллетеньдер А5 форматында болады. Барлық бесеуін бір урнаға тастау керек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 1217 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 1084 Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 1145