Әлеумет ТҮРКІСТАН: АРЫС ВОКЗАЛЫНА АЯЛДАҒАН ШЕТЕЛДІК ЖОЛАУШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ҰСЫНЫЛДЫ Редактор 18.03.2023 17324 1 оқу мин Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында теміржол вокзалында аялдаған жерлестеріміз бен шетелдік жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күнінің символы. Жеті түрлі дәмнен жасалатын тағамды ырымшыл халқымыз «Құт-береке келсін!» деген ниетпен әзірлейді. Ұлттық тағам бұл күні Арыс-1 теміржол вокзалына жолы түскен барлық жолаушыларға ұсынылды. Ұлттық киімде жүріп қызмет жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған арыстықтықтарға Ташкент-Самара бағытындағы пойыз жолаушылары ризашылығын білдірді. Өзбек, тәжік, орыс және басқа да мемлекеттердің азаматтары жерлестеріміздің қонақжайлылығына таңданып, мәдениет үйінің өнерпаздары сомдауындағы ән мен орындаған билерін тамсана тамашалады. Ыстық лебіздерін білдіріп, ұлттық тағамнан дәм татты. «Наурыз мерекесі құтты болсын! Елдеріңізде бейбітшілік болсын! Жолаушылардың атынан қонақжай Арыс халқына мың рақмет!» – деді жолаушылар. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған игі шаралар жалғасын табады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10352 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 27036 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 12147