Әлеумет ТҮРКІСТАН: АРЫСТА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Редактор 03.04.2023 11848 1 оқу мин Бүгін, қасиетті Рамазан айына орай Арыс қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының еріктілері тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында жыл сайын жалғасып келе жатқан «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында еріктілер қаладағы 20 тыл ардагеріне азық-түлік өнімдерін үлестірді. – Басты мақсат – елдігімізді нығайтқан ардагерлерімізге ел атынан алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау, – дейді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар. Мұндай шаралар бүгінгі қоғамды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзқарасты қалыптастыратыны сөзсіз. «Соғыстың зардабы аз емес, майдан кезінде жейтініміз таңертең бір қасық бидай, кешке дейін сонымен жүретінбіз. Тілейтінім елге тыныштық, амандық болсын» — деген ардагерлер қайырымды жас ұрпаққа ақ баталарын берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6286 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592