Әлеумет ТҮРКІСТАН: АРЫСТА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Редактор 03.04.2023 10591 1 оқу мин Бүгін, қасиетті Рамазан айына орай Арыс қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының еріктілері тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында жыл сайын жалғасып келе жатқан «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында еріктілер қаладағы 20 тыл ардагеріне азық-түлік өнімдерін үлестірді. – Басты мақсат – елдігімізді нығайтқан ардагерлерімізге ел атынан алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау, – дейді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар. Мұндай шаралар бүгінгі қоғамды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзқарасты қалыптастыратыны сөзсіз. «Соғыстың зардабы аз емес, майдан кезінде жейтініміз таңертең бір қасық бидай, кешке дейін сонымен жүретінбіз. Тілейтінім елге тыныштық, амандық болсын» — деген ардагерлер қайырымды жас ұрпаққа ақ баталарын берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10352 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 27085 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 12147